For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Дәрігерлік ғылымның ережесі.

Дәрігерлік ғылымның ережесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

«Дәрігерлік ғылымның ережесі» (араб.: القانون في الطب‎) — Ибн Синаға дүниежүзілік атақ әперген 5 томдық энциклопедия, медицина тарихында атағы жайылған кітап. Еңбек оның мазмұны мен дәл құрылымымен ерекшеленді.

Бірінші кітабі

Бірінші кітабында медицина теориясы жазылған. Бұл жерде шырындар туралы жазылған (қан, өт, лимфа) және табиғаттағы (қызу қандылық), адам денесінде мүшенің «қарапайымдылығы» қысқа анатомиялық очерк беріледі – сүйектерді, шеміршектерді, қан тамырларын, жүйкені еңбектерінде және аурулардың бөлінуінде жүргізіледі.

Дәрігерлік ғылымның ережесі

Екінші кітабі

Екіншісінде дәрілік қаржылардың капиталды жинақ мәліметі туралы. Онда 800-ден аса өсімдік, жануар және минералды заттар пайда болғандардың емдік құрамын және пайдалану әдісімен көрсетеді. Автор Орта Азияда өндірілген дәрілерді, сонымен бірге Үндістаннан, Қытайдан, Грекиядан, Африкадан, Жерорта теңізінің аралынан әкелгендерді жазып қояды. Олардың көбі Еуропада Ибн Синаның шығармаларынан көпке мәлім бола бастады. Алғаш Ибн Сина ұсынған көптеген дәрілер қазір де қолданылып жүр.

Үшінші кітабы

Үшінші кітабы адам ағзасындағы жеке аурулар жайлы.

Төртінші кітабы

Хирургияға, сынық пен буын тайғанды емдеуге арналған, безгек туралы жалпы оқуды (ауру кезіндегі дағдарысты), сонымен қоса жұқпалы ауруларды емдеу жолын жазды.

Бесінші кітабы

Бесінші кітабы күрделі дәрі-дәрмектердің құрамы, сонымен қатар у және уға қарсы дәрілерді жазды. Кейбір күрделі дәрі-дәрмектердің құрамына, Ибн Сина жазып көрсеткендей, 37 бөлікке дейін кіреді. Көптеген дәрілер ертедегі дәрілердің еуропалық және азиялық, нұсқаларымен берілген. Қалғаны жаңадан дайындалып, оны өзі байқап көрген. «Дәрігерлік ғылымның ережесі» грек, үнді және ортаазиялық медицина білімін және тәжірибесін талдау және жүйелеуді ғана көрсеткен жоқ. Ибн Синаның қызметі дәрігерлік тактикаға жаңаша болып енгізілді. Бұрын медицина ғылымына белгісіз жаңа мәліметтерді «Ереженің» әрбір бетінен кездестіруге болатын еді. Ибн Сина көрінбейтін жұқпалы аурулардың қоздырушысы туралы ғылыми болжамды алға тартты, бұлар ауа және су арқылы тарайтын, 800 жыл өткеннен соң ғана француз Пастер ғалымның қоздырушы микроб туралы бұл жұмбағын дәлелдеді. Ибн Сина тамыр туралы оқуды шығарды, оған әлі бір нәрсе қосу қиын болды. «Тамыр толқын тәріздес немесе ұршық тәріздес, екі соғу, ұзақ, дірілмен, қысқа, аз, баяу, құмырсқаның илеуіндей болуы мүмкін. Тамыр, сонымен қоса, жұмсақ, аласа, ара тәріздес, жуан, бос, қызу, күйгелек болады» - деп айтылған «Ережеде». Ибн Сина бірінші болып чума, холера, сары ауру туралы жазды, олардың шығу себептерін, нышандарын талдап шықты, мұндай ауыр ауруларды, менингит сияқты, асқазан жарасы, диабет және көптеген басқа аурулардың емдеу әдістерін талдап қарастырды. Ол көздің бұлшық еттерінің құрылысын анық түсіндіріп берді. Бәрі оған дейін көз шам тәрізді, ерекше сәуле шығарады деп ойлайтын: бұл сәулелер затқа шағылысып, кері кетеді және кескін береді деп ойлады. Ибн Сина көздің бұлағы хрусталь деген пікірді теріске шығарды, заттың кескінделуі көз торы арқылы көрінеді деді. «Дәрігерлік ғылымның ережесінде» Ибн Сина ерекше назарды баланы тәрбиелеу мен тамақтандыруға, физикалық жаттығулар мен дұрыс тамақтануға аударады. Ибн Сина еңбегінің дәрежесі жоғары болғаны соншалық, ол «Ережені» жазып біткен соң, ол дүние жүзінің барлық елдерінде медицина энциклопедиясы болды. 12 ғасырдың өзінде араб тілінен латын тіліне аударылып, көптеген қолжазбамен тарады. 15 ғасырда кітап басып шығаруды ойлап тапқан соң, бірінші басылымның бірі болып «Ереже» басылып шықты. Еуропада жиі басылып шығуы жағынан Библиямен бәсекелесті, ал ол бар болғаны 40 рет басылып шықты. 17 ғасырдың соңына дейін «Дәрігерлік ғылымның ережесі» студент-дәрігерлер үшін және Еуропадағы дәрігерлер үшін жетекші болуды жалғастарды, Шығыс елдерінде де негізі оқулық болып қалды.

{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Дәрігерлік ғылымның ережесі
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?