For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Геоморфология.

Геоморфология

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Геоморфология (гео... және morphe — пішін және logos — ілім) — құрлық бетінің, мұхиттар мен теңіздер түбінің, жер бедерлерінің пішінін, құрылысын зерттейтін ғылым. Жалпы аймақтық, құрылымдық, динамикалық, теңіз және инж. Геоморфология болып бөлінеді. Геоморфология Жердің пайда болуын, жасын, құрылымдық ерекшелігін, дамуы мен элементтерінің жер бетінде таралуын, сыртқы және ішкі процестердің, сонымен қатар, жер бетінің қалыптасуындағы антропогендік факторларды зерттейді. Жалпы және арнайы геоморфол. карталар жасау үшін экспедициялық зерттеулер мен геоморфол. түсірімдер жасалынады. Қазіргі кезде геоморфологиялық процестерді зерттеуде стационарлық және тәжірибелік әдістер, Жер бетін әуеден (аэрофототүсірім) және ғарыштан түсіру, теңіз (мұхит) түбін эхолотпен анықтау сияқты әдістерді қолданады. Геоморфология ғылымы гляциология, тектоника, төрттік геология, вулканология, спелеология, т.б. геогр. және геол. ғылымдармен тығыз байланыста. Г-ның деректері кен байлықтарын іздеуде, жолдар мен әр түрлі құрылыстарды салғанда, эрозия, дефляция, сырғыма, сел, қар көшкіндері сияқты табиғат құбылыстарының алдын алу кезінде пайдаланылады.

A.
"Жер рельефі"

Қазақстанның жер бедері жөніндегі мақалалар ғыл. әдебиеттерде 19 ғ-дың орта кездерінде пайда болды. Жер бедерін зерттеуді кезінде Ш. Уәлиханов пен П.П. Семенов-Тян-Шанский бастаған. Олар алғаш рет Іле Алатауының орографиясын сипаттаған. Қазақстан геоморфологиясын зерттеуге Н.Г. Кассин, Г.М. Медоев, Н.Н. Костенко, т.б. ғалымдар елеулі үлес қосты. 1943 ж. И.П. Герасимов “Қазақстан геоморфологиясының қазіргі проблемалары” атты кітапты жариялады. Таулы аудандарды зерттеу нәтижесінде 1945 ж. “Оңт.-шығыс Қазақстан тауларының геоморфологиялық картасы” басылып шықты. Республикада Г-ның қалыптасуы мен одан әрі дамуына Қазақстан ғылым академиясының Қ.И. Сәтбаев атынд. Геол. ғылымдар ин-тында Геоморфология және төрттік геология бөлімінің ұйымдастырылуы (1946) ықпал етті. Бұл бөлімде жалпы және аймақтық Г-ның көптеген теориялық мәселелері шешілді. Бүкіл Қазақстан жер бедерінің морфологиясын, түзілуін, жасын көрсететін геоморфол. карталар жасалды; төрттік шөгінділер мен неотектоника, жер бедерін түзуші процестер (карстық, эолдық, дефляциялық, антропогендік, т.б.) зерттелді. Кен байлықтарының қалыптасу жағдайларын анықтау, мұнайлы-газды құрылымдарды іздеуге байланысты көптеген қолданбалы геоморфол. зерттеулер атқарылды. З.А. Сваричевскаяның “Орта Азия мен Қазақстан геоморфологиясы” (1965) және М. Жандаевтың “Іле Алатауының геоморфологиясы және өзен аңғарларының қалыптасу проблемалары” (1972) атты монографиялары Қазақстанның геоморфол. жағдайын анықтаудағы маңызды қорытындылар болып табылды. Қазақстанның Геоморфология ғылымына одан кейінгі жылдары Ә.Сәрсеков, Е.Нұрмәмбетов,Е.Тапалов,Б.Әубәкіров, Ж. Дүйсебаев, А.Медеу, Л.Веселова, С.Құсайынов, т.б. көп үлес қосты.[1]

A.
Стратожанартау
A.
"Аризона коньоны"

Геоморфология — Жер бетінің тарихи дамуындағы бедерін, сондай-ақ Айдың және тағы да басқалары Күн жүйесінің бірқатар планеталары бетінің бедерлерін зерттейтін, география мен геология ғылымдарына бірдей қатысты сала. Геоморфология құрлық пен теңіз түбі бедерлерінің сырт бейнесін (морфография мен морфометрия), оның әр түрлі пішіндерінің пайда болуын, жасын, құрылысын, даму және таралу ерекшеліктерін, эндогендік және экзогендік процестердің (генетикалық Геоморфология), сондай-ақ антропогендік факторлардың бедердің қалыптасуына әсерін зерттейді. Жалпы Геоморфология (бедер қалыптасу мәселелерінің барлық кешенін қарастыратын), жеке-даралық Геоморфология (қандай да бір мәселені шешуде маңызы бар бедерді бір немесе бірнеше көрсеткіші бойынша зерттеу), аймақтық Геоморфология (кандай да бір аймақтың немесе бүкіл Жердің бедерін зерттейтін) деп бөлінеді. Геоморфологияның құрамынан құрылымдық Геоморфология, климаттық Геоморфология, теңіз Геоморфологиясы, серпіндік (динамикалық) Геоморфология, қолданбалы Геоморфология (іздесгіру, инженерлік), сондай-ақ палеогеоморфология жеке бөлініп шықты. Геоморфология гляциологиямен, тектоникамен (оның ішінде неотектоникамен), төрттік геологиямен, вулканологиямен, спелеологиямен, карсттанумен және баска географиялық, геологиялық пәндермен тыгыз байланысты. Геоморфологияның деректері пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіруде, жолдар мен құрылыстарды жобалауда, эрозиямен, дефляциямен, жылжымалармен, селдермен, көшкіндермен және табиғаттың баска да қолайсыз процестерімен күрес шараларын қарастыруда пайдаланылады.[2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
  3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.


{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Геоморфология
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?