For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Бектауата.

Бектауата

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бектауата таулары
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Сарыарқа

Пайда болған кезеңі

Тас көмір

Ұзындығы

7 км

Ені

3 км

Биіктігі

1213 м

Орналасуы

47°27′10″ с. е. 74°46′59″ ш. б. / 47.45278° с. е. 74.78306° ш. б. / 47.45278; 74.78306 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°27′10″ с. е. 74°46′59″ ш. б. / 47.45278° с. е. 74.78306° ш. б. / 47.45278; 74.78306 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында, Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 60 км жерде

Бектауата таулары (Қазақстан)
Бектауата таулары
Бектауата таулары (Қарағанды облысы)
Бектауата таулары

Бектауата Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау.

Этимологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл таудың атауын сөзбе-сөз аудару қиын. Көптеген аңыздардың бірі - қазақтар жоңғарлармен соғысқан ғасырларда өмір сүрген әулие Атабек туралы баяндайды. Бірде ол қуғыншылардан бас сауғалап, осы таудың ең үлкен үңгіріне тығылыпты. Ал Аллаһ тағала әулие қарияға үңгірдің ең түкпірінде тұщы су көзін ашыпты-мыс. Жау қаншама іздесе де, бұл үңгірді таба алмапты, өйткені ол таудың етегінде емес, биік жартасында екен. Мүмкін Бектауата - "Атабек тауы" деп аталуы осыдан болар. Қазақтың белгілі ғалымы Әлкей Марғұлан бұл сөзді "Бек тауы" деп түсіндірсе, топоном Еркебай Қойшыбаев оны ертедегі түрік сөзі "биік" сөзімен байланыстырады да, Бектауата деген топонимді түгелдей алғанда "қасиетті биік тау" деп тәржімалайды. Толып жатқан аңыздар бұл тауға, әсіресе әулие үңгіріне қажылық етіп келушілердің қатарын көбейтті. Балқаш өңірін зерттеушілердің бірі Н.И. Красовский 1868 жылы былай деп жазды: "Шамамен 600 фунт жерді алып жатқан алаңға жақын тұста бой көтерген Бектауата гранитті жартастары шоғырланған жер ең биік жер болып саналады. Гранитті құздар өсімдік атаулыдан ада, мүлде жалаң, айтарлықтай биіктікте су шайып жасаған үңгірлерді Карсон Керней ауылдарының тұрғындары қасиетті жер деп таниды.[1]

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында, Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 60 км жерде, ұсақ шоқылы-белесті жазықта орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтістік-батысқа қарай 7 км-ге созылып жатыр, ені 3 км, абсолюттік биіктігі 1213 м. Құбылтайөзек аңғары оны батысындағы Сарықұлжа (1082 м) тауынан бөліп тұрады.

Жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бектауатаның беткейлері тік, жалтыр тақыр тасты, төбесі үшкірлеу келген. Пьезооптикалық минералдардың ұсақ кен орындары мен табиғи үңгірлер бар. Олардың ішіндегі ең ірісі – Бектауата үңгірі.

Геологиялық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тас көмір кезеңінің қызғылт граниттерінен түзілген.

Беткейлерінде өте сирек бұта мен селдір шөп өседі, тауаралық аңғарларында көктерек, тал, түрлі бұта кездеседі. Олардың 45 сирек кездесетін болса, 8-і Қызыл кітапқа енгізілген. Некен-саяқ елік, арқар мекендейді.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Николаев Владислав Борисович. Прибалхашье. Аудармашы - Т.Мукаев. ИБ №2967 68-69 беттер, 1986 жыл "Кітап" полиграфиясы
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Бектауата
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?