For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Байлық.

Байлық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

A.
A.
Алтын
A.

Байлық — қоғамға және жеке адамға қатысты материалдық игіліктер мен рухани құндылықтарды білдіретін ұғым. Байлық рухани және материалдық болып ажыратылады. Рухани Байлық ұғымы әлемде немесе белгілі бір елде жасалған рухани қазыналардың жиынтығын, сол қазыналарды игеруді мұрат тұтқан жеке адам басындағы сезім, ақыл, парасат, өнер, білім қабілеттерін қамтиды (қ. Руханият). Ал, материалдық Байлық ұғымы адамзат қауымына, жеке мемлекетке не адамға тиесілі материалдық игіліктерді білдіреді. Ол алғашқыда адамдардың күнделікті табиғи қажетін қамтамасыз ету мақсатымен сол адамдардың әрекеті арқылы жасалып, кейіннен меншіктену процесі барысында әлеуметтік қарым-қатынас құралына айналған. Сондықтан адамдар қарым-қатынасындағы билік, әділдік ұғымдарын қарастырып, адамзат қоғамында үйлесімділікке жету жолдарын іздеген ойшылдар Байлық ұғымын айналып өте алмаған. Жеке меншігіндегі материалдық игіліктерді еселеп өндіріп, мемлекетті (қоғамды) дамытуға ықпал еткен іскер адамдардың тәжірибесін талдаған зерттеулер мен тұтас мемлекеттегі, аймақтағы, әлемдегі материалдық игіліктерді молайту әдістерін ұсынатын экономикалық теорияларда Байлық әлеуметтік құндылықтардың бірі ретінде бағаланады. Байлықтың жеке меншіктік, қоғамдық және мемлекеттік түрлерінің тиімділігі мен әділдігі мәселесіне қатысты бір-біріне қарама-қайшы философия және социологиялық көзқарастар қалыптасқан. Маркстік дүниетаным материалдық игіліктердің, оның ішінде еңбек құралдарының жеке меншікте болуы, көбірек пайда табу мақсатымен адамды адамның қанауына соқтырып, халықтың көпшілік бөлігінің Байлықтан жатсынуын туғызады деген біржақты көзқарасты ұстанды. Осындай көзқарас негізінде материалдық игіліктерге ортақ меншік орнатып, әлеуметтік әділетті жүзеге асырудың мүмкін еместігін әлемде социологиялық жүйенің күйреуі көрсетіп берді. Кез келген қоғамда адамдардың рухани және материалдық Байлыққа қол жеткізуіне жағдай туғызылғанда ғана сол қоғамның дамуы орнықты болады. Мұндай қоғамдағы мүмкіндікті ақылмен пайдаланып, қажымай күш-жігер жұмсағандар бай болады. Ал, жалқаулық пен енжарлыққа бой салғандар кедейшілікке ұрынады. Бұл пікірді Абайша білдірсек, “Байлықты, кедейшілікті жаратқан — құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес”. Дәстүрлі қазақ қоғамында материалдық Байлықтан рухани игілікті жоғары қоятын “Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы” деген моральдық ұстан қалыптасқан. Осы рухани принцип қазақ қоғамындағы әлеуметтік құндылықтар мен құқықтық нормалардың имандылыққа, әділеттілікке негізделуіне себепші болды. Соған қарамастан қазақ халқы Байлықты адам мұратының, әлеуметтік құндылықтардың бірі ретінде бағалаған. “Түстік өмірің болса, күндік мал жи” деген нақыл соның айғағы. Мал — дала өркениетіндегі Байлықтың басты өлшемі болды. Мыңғырған мал өсірген байлар дәстүрлі қазақ қоғамындағы экономика және әлеуметтік жүйенің негізін құрады. Олар ауылдастарына, руластарына көмектесіп, мешіт-медреселер ұстап, алғашқы газет-журналдарға демеушілік жасап, талантты жастарды шет елдерде оқытып, қоғамдағы рухани Байлықтың сарқылмауына, өсіп-өркендеуіне ықпал етті. Кеңес заманында материалдық Байлық ортақтастырылып, жалпыхалықтық меншік ұранымен бірте-бірте адамдарды Байлықтан жатсындыру саясаты жүргізілді. Мұның өзі әміршілдік-әкімшілдік жүйе құрсауының орнығуына, бұл құрсау әлсіреген кезеңде ортақ Байлықты талан-таражға ұшыратуға, нәтижесінде адамдардың Байлықты молайтуға деген ынтасының әлсіреп, қоғам дамуының әлем өркениеті көшінен кенжелеп қалуына соқтырды. КСРО ыдыраған соң, дербес мемлекеттігін қайта қалпына келтірген Қазақстанда қоғамды демократияландыру, экономиканы ырықсыздандыру процесі жүзеге асты, әлем өркениетінің үлгісімен Байлықты меншіктену нысандарының барлық түрін қорғауға мемлекет кепілдік береді. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Байлық
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?