For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Ақсуат ауылдық округі (Қызылорда облысы).

Ақсуат ауылдық округі (Қызылорда облысы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қазақстан ауылдық округі
Ақсуат ауылдық округі
Облысы

Қызылорда облысы

Ауданы

Қызылорда қалалық әкімдігі

Округ орталығы

Махамбетов

Енеді

1 ауыл

Тұрғыны (2009)

3780

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Автомобиль коды

11

 Басқа мағыналар үшін Ақсуат ауылдық округі деген бетті қараңыз.

Ақсуат ауылдық округі Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құрамына Махамбетов ауылы кіреді. Орталығы – Махамбетов ауылы.[1]

2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 3780 адамды құрады.[2]

Ақсуат ауылдық округінің негізі 1928 жылы қаланған. Ауыл алғашқы ауыл шаруашылық артельдерін ұжымдық шаруашылықтарды ұйымдастыруға қатысқан Жанбосынов Ешпанның атымен Ешпан ауылдық кеңесі аталған. 1928-1932 жылдар аралығында құрылған майда серіктестіктер 1934 жылы төртінші ауылдық кеңесі бойынша Жасқайрат, Жаңатұрмыс, Киров, Қызылорақ, Қызылқұм, Қара қожа, Батбаққара ұжымдық шаруашылықтары болып ұйымдасқан. 1938 жылы мамыр айында бұл 7 шаруашылық біріктіріліп, 3 шаруашылыққа (Жасқайрат, Жаңатұрмыс, Киров) айналды. 1950 жылы бұл үшеуі біріктіріліп, іргелі шаруашылық Киров ұжышары болып құрылды. 1972 жылы Киров ұжымшары көкөніс және сүт өндіретін кеңшарға айналды. Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін 1992 жылдан бастап жекешелендіру кеңінен етек ала бастады. Кеңшар Қаратабан, Жаңадария, Бесарық, Қырықбайтақ деп аталатын 4 ұжымдық кәсіпорындарға бөлінді. Олар бидай, күріш, көкөніс, жоңышқа егумен және мал шаруашылығымен айналысты. 1993 жылдың ақпан айында ХХІ шақырылған халық депутаттарының облыстық кеңесінің ХІ сессиясының қаулысымен Сырдария ауданы Киров ауылдық кеңесі Ақсуат ауылдық кеңесі болып аталды. 1994 жылдан бастап Киров кеңшары Кеңестер Одағының батыры Жақыпбек Маханбетов ауылы болып аталды. 1997 жылы маусым айында облыстық мәслихат және облыс әкімдігінің шешімімен Сырдария ауданы таратылып, Ақсуат ауылдық округі Қызылорда қаласына қарады. Қызылорда қаласы әкімінің 2003 жылғы 28 шілдедегі №3052 санды шешімімен Ақсуат ауылдық округінің жер көлемі – 18230 гектар болып бекітілді.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, Х том
  2. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 14 мамырдың 2019 жылы.
  3. АҚСУАТТА ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ КӨП Мұрағатталған 7 тамыздың 2023 жылы.
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Ақсуат ауылдық округі (Қызылорда облысы)
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?