For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for
Ақсарай, Өзбекстан.
Ақсарай, Өзбекстан
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
39°03′39″ с. е.66°49′45″ ш. б. / 39.06083° с. е. 66.82917° ш. б. / 39.06083; 66.82917(G)(O)(Я)Ақсарай (өзб.Oq-Saroy saroyi)— Әмір Темір дәуірінде салынған зәулім сарай. Өзбекстан Республикасы Шаһрисабз қаласында орналасқан. Іргесі 1380 жылы қаланған. Темірдің Хорезмдегі жеңісінің құрметіне салынған. Ақсарай Бибі-Ханым, Қожа Ахмет Йасауи кесенелері сияқты үлкен порталды (50 м) күмбездер қатарына жатады. Сарай қабырғаларында араб әрпімен тарихи және діни жазулар, асыл тастармен, алтынмен жалатқан ою-өрнектер кездеседі. Олардың ішінде 798 хижра жылы (16.10.1395 — 5.10.1396) деген жазулар бар. А. аты Бабыр патшаның жазба деректерінде кездеседі. Патша кеңесіне арналған үлкен және кеңесшілерге арналған кіші бөлме болған. Басқа бөлмелер бірін-бірі қайталамайтын өрнектерге толы. 1403 жылы Шаһрисабзде болған испан елшісі Г.Клавихо Сарайдың ерекше сәулетті екенін жазады. Ақсарай құрылысы Темір тұсында бітпей, баласы Шахрух аяқтаған. Деректерде 1707 жылы Ақсарайда Бұхар ханы Убайдулла отырғаны айтылады. Қазір Ақсарай мемлекет және ЮНЕСКО қамқорлығында.
This browser is not supported by Wikiwand :( Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience. Please download and use one of the following browsers:
Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.
X
Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?
Oh no, there's been an error
Please help us solve this error by emailing us at support@wikiwand.com
Let us know what you've done that caused this error, what browser you're using, and whether you have any special extensions/add-ons installed.
Thank you!