For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Ахметбек Әлпекұлы (Қисықұлы).

Ахметбек Әлпекұлы (Қисықұлы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ахметбек Әлпекұлы

Ахметбек Әлпекұлы - Моңғолия мемлекетік еңбек сіңірген өнер қайраткері, Моңғолия композиторлар одағының (сазгерлер) мүшесі, Моңғолия қазақтарының «Сыбызғы домбыраға арналған күйлері» кітабы редакторы. 1958-1962 жылдар аралығында Мәскеуде Чайковский атындағы консерватория қасындағы музыкалық училищені композитор және хормейстр мамандығымен бітіріп, театрда оркестр дирижері, хормейстр болып жұмыс істеді. Ленинградтағы Римский-Корсаков атындағы консерваторияның Хормейстр және Опера дирижері класында оқып, профессор Рабинович, Тилзе, Михайлов сияқты атақты дирижерлерден дәріс алып, соңынан 1967-1972 жылдарды Қазақ ССР-ның Құрманғазы атындағы корсерваториясында оқып, оны оркестр дирижері және теориялық пәндердің оқытушысы деген мамандықпен бітірді.[1] 1991 жылы Қазақстанға Талдықорған облысы, Талдықорған қаласына қоныстанып, Талдықорған облысының М. Төлебаев атындағы филармонияның оркестрін ашуға атсалысып, оркестр дирижерін 7 жыл, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде 1992-жылдан 9 жыл аға оқытушы, Жетісу халық аспаптар оркестрінің жетекшісі әрі дирижері, және Қ. Байсейітов атындағы училищеде ұстаздық қызметтерін атқарды. «Тәуелсіз Қазақстан» хор, «Қаракерей Қабанбай» ерлер ансамблі, «Тәуелсіз Қазақстан» оркестрға арналған поэмасы, «Жерұйық» оркестрға арналған шығармасы, «Туған жер» қыздар ансамблі, «Туған жерін сағынбайтын жан бар ма?» жеке әні, «Қыздар гүлге құмар ма?», «Айбала» жеке әндері, «Университет композиторларының ән-күй шығармаларының жинағы» кітабы, Көбес Ақылбайұлының 30-дай ән – күйлеріне клавирь жасап, баспаға дайындады.

Музыкалық шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Сырғалы толқыны (Төлеубаймен бірге);
  2. Адуучин (Цэрэвпен бірге);
  3. Фантазия;
  4. Дөрвөд Рапсодиясы;
  5. Мерекелік увертюра;
  6. Вальс варияция;
  7. Баярын удиртгал;
  8. Жерұйық.

Музыкалық драмалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ғ. Мүсірепов «Ақансері-Ақтоқты» музыкасы;
  2. Қ. Сіләм «Гүлжан» музыкасы;
  3. Д. Гомбосүрэн «Хуурын эгшиг» музыкасы;
  4. Д. Мягмар «Эрдэмтний яриа» музыкасы.

Қазақ оркестріне арнап түсірген классикалық жанр композиторларының шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Дамдинсүрэн «Жұмбақ төбелер» операсының жаңа нұсқасы;
  2. Хасбаатар «Симфониялық поэма»;
  3. Чулуун «Уран хас» балетінің увертюрасы;
  4. Чойдог «Найрамдлын удиртгал»;
  5. Моцарт «Фигароның үйленуі» операсының увертюрасы;
  6. Шуберт «Музыкальный момент»;
  7. Шуман «Бодол»;
  8. Ж. Бизе «Кармен» операсының увертюрасы;
  9. Бетховен «Эккессозі»;
  10. Бетховен ІV-симфониясының финалы;
  11. Брамс «Венгер биі».

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алтын жұлдыз орденінің иегері, 40, 60, 70 жылдық медальдарымен сыйланған. Моңғолия мәдениетінің озат қызметкері, 30-дан астам мақтау грамота иегері, Баян-Өлгей аймағының құрметті азаматы. Талдықорған облысы әкімінің құттықтау грамотасымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің құрмет грамотасын иеленген, Қазақстанның «Жаңа ғасырға жаңа ән» конкурсінің дипломанты атанып, «Қазақстанға сіңірген ерекше еңбегі үшін» зейнетақы алды.  

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тәуелсіз Қазақстан. Ән-күй, оркестровка және оркестрлік шығармалар, нота, мақалалар, естеліктер, фотоқұжаттар/Ахметбек Әлпекұлы. Алматы, "Төрт бөрі", 2009. - 240бет. ISBN 978-601-80074-0-8
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Ахметбек Әлпекұлы (Қисықұлы)
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?