For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Асхат Тағыбергенұлы Тағыберген.

Асхат Тағыбергенұлы Тағыберген

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Асхат Тағыберген Футбол
Жалпы мағлұмат
Туған күні

9 тамыз 1990 (1990-08-09) (34 жас)

Туған жері

Қызылорда, Қазақ КСР

Азаматтығы

 Қазақстан

Бойы

178 см

Салмағы

75 кг

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Қазақстан Ордабасы

Номері

8

Жастар клубы
2001—2008 Қазақстан Қайсар
Клуб карьерасы[* 1]
2008—2012 Қазақстан Қайсар 79 (4)
2013—2015 Қазақстан Ақтөбе 74 (2)
2016—2017 Қазақстан Астана 35 (4)
2017   Қазақстан Тобыл 10 (0)
2018—2020 Қазақстан Қайсар 69 (13)
2021—2023 Қазақстан Тобыл 47 (12)
2023— Қазақстан Ордабасы 6 (3)
Ұлттық құрамы[* 2]
2011—2012 Қазақстан Қазақстан U21 11 (1)
2014—  Қазақстан 44 (1)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Асхат Тағыбергенұлы Тағыберген (9 тамыз 1990[1], Қызылорда, Қазақ КСР) — қазақ футболшысы, жартылай қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Ордабасы" футбол клубының ойыншысы.

Қызылода футболының түлегі. Кәсіпқой карьерасын 2008 жылы 18 жасында "Қайсар" клубында бастады. 17 мамырда "Ертіске" қарсы ойынның 75-минутында тұңғыш Қазақстан чемпионатында алаңға шықты. Бұл ойында ескерту алды. 2011 жылы 30 сәуірде "Ордабасының" қақпасына тұңғыш голын соқты, бұл ойында "Қайсар" 1:2 есебімен ұтылып қалды. Екінші голын да 8 маусымда "Ордабасы" қақпасына енгізді, бұл жолы матч тең аяқталды — 1:1.

"Қайсар" сапындағы соңғы ойынын 30 қазан күні "Ақтөбеге" қарсы өткізді.

2012 жылы "Қайсардың" бұрынғы бапкері Владимир Никитенко "Ақтөбеге" шақырды. Клуб сапында бірнеше жаңа белестерді бағындырды: 2013 жылы Қазақстан чемпионы атанды, сол жыл еурокубоктарда ойнады, 2014 жылы ұлттық құрамаға шақырту алды. Тіпті 2014/15 жылғы Еуропа лигасының іріктеуінде Арменияның "Гандзасар" клубының қақпасына гол да соқты.

2016 жылдың басына "Астанаға" ауысты. Сол жылы клуб сапында 26 матчта алаңға шығып, екінші рет ел чемпионы атанды.

2017 жылы жарты жылға "Тобыл" клубына жалға берілді.

2018 жылы туған клубы "Қайсарға" қайта оралды. "Қайсар" сапындағы тұңғыш ойынын 11 наурызда "Ақтөбеге" қарсы өткізді, 2012 жылы клубтан кетерде де соңғы ойынды "Ақтөбеге" қарсы ойнаған-ды.

2021 жылдың басында "Тобылға" ауысты. "Тобыл" сапындағы тұңғыш ойынын 3 наурыз күні "Қайрат" клубына қарсы өткізді, бұл Қазақстан суперкубогы болатын. Матчта Асхат есеп ашты, ойын 3:3 есебімен тең аяқталды. Матч соңындағы пенальтилер сериясында да өз мүмкіндігін бос жібермеді де, "Тобыл" финалға шықты. Турнир қорытындысында "Тобыл" жеңімпаз атанды.

Ұлттық құрама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2011 жылы 3 маусымда Румынияға қарсы ойында Қазақстан жастар құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын өткізді. Жыл соңына дейін төрт кездесуге қатысты.

Ұлттық құрама сапында тұғыш рет 2014 жылы 7 маусым күні сырт алаңда Мажарстан құрамасына қарсы алаңға шықты (0:3). 13 қазанда "Астана Аренада" Чехияға қарсы ойнады, бұл ЕУРО-2016 іріктеуі болатын. 2015 жылы құрама сапында екі ойынға қатысты (Исландия мен Түркияға қарсы).

2016 жылы жеті кездесуге қатысты, оның үшеуі ресми ойын (ӘЧ-2018 іріктеуі). 2017 жылы алты ойында алаңға шықты.

2017 жылдан кейін біраз уақыт құрамаға шақырылған жоқ. Тек 2019 жылы 8 маусымда ЕУРО-2020 іріктеуіндегі Бельгияға қарсы ойында бір жарым жылға жуық үзілістен соң құрамаға оралды. Жыл соңына дейін барлығы бес кездесуде ойнады, 2020 жылы 10 қазанда Албанияға қарсы кездесуде 11 айға жуық үзілістен соң құрама намысын қорғады.

2021 жылы ӘЧ-2022 іріктеуінде Франция, Украина, Финляндияға қарсы матчтарда алаңға шықты.

2023 жылы 26 наурызда Данияның қақпасына тұңғыш голды соқты: гол алыстан тоғыздыққа қадалды. Бұл ЕУРО-2024 іріктеу турнирінің екінші турындағы үздік голдар қатарына енді.

2023 жылы 16 маусымда құрама сапындағы екінші голын Сан-Мариноның қақпасына пенальтиден енгізді.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан Ақтөбе

  • Қазақстан чемпионы: 2013
  • Қазақстанның күміс жүлдегері: 2014
  • Қазақстанның қола жүлдегері: 2015

Қазақстан Астана

  • Қазақстан чемпионы (2): 2016, 2017
  • Қазақстан кубогы: 2016

Қазақстан Қайсар

  • Қазақстан кубогы: 2019

Қазақстан Тобыл

  • Қазақстан суперкубогы: 2021

Қазақстан Ордабасы

  • Қазақстан чемпионы: 2023

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Асхат Тағыбергенұлы Тағыберген
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?