For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Асунсьон.

Асунсьон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қала
Асунсьон
ис. Nuestra Señora Santa María de la Asunción
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Парагвай

Статусы

Астана

Тарихы мен географиясы
Координаттары

25°18′00″ о. е. 57°38′00″ б. б. / 25.30000° о. е. 57.63333° б. б. / -25.30000; -57.63333 (G) (O) (Я)Координаттар: 25°18′00″ о. е. 57°38′00″ б. б. / 25.30000° о. е. 57.63333° б. б. / -25.30000; -57.63333 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1537

Жер аумағы

117 км²

Орталығының биiктігі

43 м

Уақыт белдеуі

UTC-4, жазда UTC-3

Тұрғындары
Тұрғыны

525 252 адам (2016)

Тығыздығы

4489 адам/км²

Агломерация

2 198 622

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+595 21

Пошта индексі

1001–1925

mca.gov.py  (исп.)

Асунсьон картада
Асунсьон
Асунсьон
 Басқа мағыналар үшін Асунсьон (айрық) деген бетті қараңыз.

Асунсьон (ис. Asunción, толық ресми атауы Nuestra Señora Santa María de la Asunción, гуар. Paraguay) — Парагвайдың астанасы. Парагвайдың батыс бөлігінде, Парагвай өзеніне Пилькомайо өзені құятын жердегі сол жағалаулық аңғарда орналасқан.

Қаланың орталығы

Астана тропиктік ормандар аймағында орналасқан. Парагвай өзені жағалауларының бір бөлігі батпақтанған. Табиғи өсімдіктері, негізінен, пальмалар мен дәнді шөптесін өсімдіктерден құралады. Күн ыстық болатын күндері Асунсьон тұрғындары зиянды жәндіктер: кене, шегіртке, масалардың үлкен ордаларының шабуылынан зардап шегеді. Асунсьон халқының саны 900 мыңнан астам адамды құрайды. Астана тұрғындарының басым бөлігі (90%-дан астамы) гуаранилар (шығу тегі испан-үндіс метистері), сондай-ақ қалада Аргентина мен Бразилиядан шыққандар, немістер, италиялықтар, португалдар, жапондар мен орыстар да тұрады. Мемлекеттік тіл — испан тілі болып табылады белгілі бір дәрежеде гуарани тілі де таралған Асунсьонның дінге сенетін халқының көпшілік бөлігі католиктер, протестанттар мен православие христиандары да бар.

Асунсьонның негізін 1537 жылы 15 тамызда испан жаулап алушылары христиан мерекесі күні — Успения Әулие Құдай жаратушы күні қалады. Сондыктан да қаланың бастапқы атауы — "Гуидад де Нуэстра сеньора де Лa Асунсьон", испан тілінен аударғанда "біздің Құдай жаратушы Успения ханымның қаласы" болды. Бұдан кейін қала қарапайымдау — Асунсьон (аудармасы Успения) деп атала бастады. 1811 жылы Парагвайдың тәуелсіздігі жарияланған соң, Асунсьон Парагвайдың астанасы болып танылды. Парагвай өз бейтараптығын мәлімдеген Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, Асунсьон өздері жасаған әскери қылмыстары үшін жазадан тығылып жүрген гитлерлік Германияның бұрынғы офицерлері үшін паналайтын жер болды. Астанада 1954 жылдан 1989 жылға дейін елде әскери-полицейлік диктатура орнатқан реакцияшыл генерал Д.Стресснердің резиденциясы орналасты. 1989 жылы ақпанда Асунсьонда А.Стресснердің билігін құлату мен астана мен тұтастай алғанда бүкіл елдің әлеуметтік және экономикалық өмірінде оңды қайта құрулардың басталуына жол ашқан әскери төңкеріс болып өтті.

Асунсьон

Қаланың тарихи орталығының архитектуралық бейнесінде отарлық кезеңнің айқын белгілері бар. Асунсьон мен оның оңтүстік-шығыстағы айналасында XVI—XVIII ғасырларда иезуиттер тұрғызған шіркеулер мен монастырьлардың асқақ ғимараттары орналасқан.

Астанада бірнеше жоғары оқу орындары, оның ішінде Асунсьонның Ұлттық университеті мен Католиктік университет бар. Парагвай өзенінің сол жағалауында орналасқан Асунсьон мен оның айналасы шетелдік Туризмнің негізгі аймағы болып табылады. Астанаға келген туристерді бұта өсімдігінің майда уатылған жапырақтарынан қайнатылған, елде өте кең тараған сүйікті дәстүрлі сусын — ыстық немесе суық матэ шайымен міндетті түрде сыйлайды. Мұндай сусын қаланың көптеген қонақтарына нағыз таңсық нәрсе болып табылады, өйткені матэ приматтық жағдайларды өте талғайды және Оңтүстік Американың белгілі бір аудандарында ғана өсіріледі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.


{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Асунсьон
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?