For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Ана де Армас.

Ана де Армас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ана де Армас
Ana de Armas
Сурет
Ана де Армас San Diego Comic-Con International 2017 фестивалінде
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Ana Celia de Armas Caso

Туған күні

30 сәуір 1988 (1988-04-30) (36 жас)

Туған жері

Гавана, Куба

Азаматтығы

 Куба

Мамандығы

актриса

Белсенді жылдары

2006 — қазіргі уақытқа шейін

IMDb

ID 1869101

Ана Селия де Армас Касо (ис. Ana Celia de Armas Caso, 1988 ж.30 сәуірде туған) — кубалық актриса.

Ерте өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ана де Армас Гаванада (Куба) туып-өсті (Санта-Крус-дель-Норте). Ол 12 жасында актриса болуды ұйғарады да[1] Куба Ұлттық Театр мектебіне оқуға түседі.

Де Армас өзінің актерлік дебютін 2006 жылы Алекс Гонсалес басты рөлде ойнаған Una rosa de Francia фильмінде Мари рөлін сомдау арқылы жасады. 18 жасында ол Испанияға көшіп келді. Оның алғашқы ірі телевизиялық жетістігі El Internado деген испан сериалы болатын, мұнда ол бас кейіпкер Каролина Леаль рөлін ойнайды. Сериал 2007 жылы Antena 3 телеарнасында көрсетілді. Әрі қарай ол өз мансабын Mentiras gordas (2009) фильмінде, Hispania, la leyenda (2010-2012) сериалында және Blind Alley (2011) фильмінде түсу арқылы жалғастырды.

Голливудке көшуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2014 жылы де Армас Лос Анжелеске көшіп келді. Ол Por un puñado de besos фильмінде көрінді. 2015 жылы Киану Ривзбен бірге Knock Knock фильмінде, кейін онымен бірге тағы да 2016 жылы Exposed фильмінде басты рөлдердің бірін сомдайды. Де Армастың өзінің айтуы бойынша, 2016 жылы Каннда тұсаукесері болған Hands of Stone (Роберт Де Ниро басты рөлде) фильмінің режиссері Джонатан Якубович оған оның алғашқы халықаралық рөлін беру арқылы "жолын ашып берді". 2016 жылы Hands of Stone-мен қатар Тодд Филлипстің Соғыс төбеттерінде америкалық үкіметке қару-жарақ сататын Майлз Теллердің кейіпкерінің әйелін ойнау арқылы маңызды рөлге ие болды.

2017 жылы ол Overdrive деген француз экшн-триллерінде пайда болды, онда ол Скотт Иствудтың құрбысын ойнады. Бұл фильмде оның кейіпкері мейірімсіз шонжардың көліктерін ұрлау туралы Скоттың жымысқы жоспарына көмектеседі.

Сол жылы Ана де Армас Денис Вильневтің Жүзбен жүгіруші 2049 фильмінде Райан Гослингпен бірге Джой деген голографиялық компьютер бағдарламасының рөлін ойнау арқылы көрінеді. Оның бұл фильмдегі рөлі көптеген мақтауларға ие болды.[2][3][4]

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Де Армас 2011 мен 2013 жыл аралығында испан актері Марк Клотетпен тұрмыста болды.[5]

Фильмографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жыл Атауы Рөлі Ескертпелер
2006 Una rosa de Francia Мари Ана Селия де Армас болып
2007 Madrigal Стелла Марис Ана Селия де Армас болып
2009 Sex, Party and Lies Карола Mentiras gordas ретінде танымал
2009 Y de postre, qué Қыз Қысқа метражды фильм
2009 Ánima Хулиета Қысқа метражды фильм
2011 Blind Alley Роза / Лаура El callejón ретінде танымал
2012 Perrito chino Сабина Қысқа метражды фильм
2013 Фарадей Инма Мурга
2014 Por un puñado de besos Соль
2015 Knock Knock Бел
2015 Анабель Крис
2016 Exposed Исабель де ла Крус
2016 Hands of Stone Фелисидад Дуран
2016 Соғыс төбеттері Из
2017 Overdrive Стефани
2017 Жүзбен жүгіруші 2049 Джой
2018 Үш Секунд София Хоффман

ТВ сериалдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жыл Атауы Рөлі Ескертпелер
2007 El edén perdido Глория Телевизиялық фильм
2007-2010 El Internado Каролина Леаль Солис Телехикая (56 серия)
2008 Revelados Сериал
2010-2012 Hispania, la leyenda Нерея Телехикая (17 серия)
2011 Actrices Өзі ТВ телехикая (2 серия)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Ана де Армас
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?