Аллель
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аллель (гр. ἀλλήλων өз ара) — ұқсас хромосомалардың сәйкес локустарына (ген орны) орналасқан және тек бір белгінің дамуына әсер ететін гендер.
Хромосомадағы барлық локустардың құрылысы бірдей емес, олардың әрқайсысына әртүрлі гендер орналасады. Әрбір ген құрылысына байланысты екі аллель түрінде болады, оның бірінің басымдылық қасиеті болып белгілі бір белгіні дамытады (мысалы, гүлдің түсі), ал екіншісі осы әсерді жартылай не тіпті түгелдей жояды (мысалы, реңсіз гүл). Аллель гендер саны екіден артық болуы да жиі кездеседі, сондықтан үштен жиырмаға дейін әртүрлі фенотиптер пайда болуы мүмкін.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ ҚСЭ, 1-том
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
|
Text is available under the CC BY-SA 4.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.