For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Алексей Ираклиевич Левшин.

Алексей Ираклиевич Левшин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Алексей Ираклиевич Левшин
Туған күні

Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).

Қайтыс болған күні

16 қыркүйек 1879 (1879-09-16)

Қайтыс болған жері

Ресей империясы, Курск губерниясы, Дмитриевск уъезі, Хомутовка селосы

Ұлты

орыс

Қызметі

Ресей тарихшысы, түркітанушы. Ресей география қоғамының негізін қалаушылардың бірі. Ресей империясының мемлекеттік қайраткері.

Әкесі

Ираклий Алексеевич Левшин

Анасы

Сусанна Васильевна (Брискорн)

Жұбайы

Елизавета Федоровна (1896 жылы қайтыс болған)

Балалары

Федор Алекссвеевич Левшин (1884 жылы қайтыс болған)

Марапаттары мен сыйлықтары
  • Императордың Москвалық университетінің алтын медалі (1855)
  • Бүкіләлемдік лондондық көрмеге қатысқаны үшін Патшалық-Лондондық комиссияның арнайы медалі (1852)
  • Әулие Александр Невский, Ақ Бүркіт, Әулие Владимирдің 2-ші дәрежелі, Әулие Аннаның 1-ші дәрежелі, Әулие Станиславтың 1-ші дәрежелі ордендерінің иегері.


Алексей Ираклиевич Левшин (1798-1879) - Ресей тарихшысы, түркітанушы.1845 жылдан Ресей география қоғамының негізін қалаушылардың бірі және 1873 жылға дейін сол қоғамының төрағасының көмекшісі және Кеңестер мүшесі болған. Ресей империясының мемлекеттік қайраткері. Қазақтар жөнінде алғаш монографиялық еңбек жазған адам.[1]

А.И.Левшин
А.И.Левшин, өмірінің соңғы жылдары
  • Алексей Ираклиевич Левшин 1798 жылы Ресей империясының Тульск губерниясында туған. Әкесі - Гераклий Алексеевич Левшин (1772), анасы - Сусанна Васильевна. Левшиндер отбасында төрт ұл, екі қыз болған.
  • Алексей Воронеж гимназиясында оқып, одан кейін Харьков университетін бітіреді.
  • 1818 жылы шетел ісі коллегиясына (Петр I құрған орталық басқару мекемелері) жұмысқа кіріп, Азиялық департаментте қызмет істейді.
  • 1820 жылы Орынбор шекаралық комиссиясына бекітіліп, қазақтар жөніндегі мұрағатты сұрыптау ісімен айналысады.
  • 1831-1837 жылдары - Одесса қаласының бастығы.
  • 1838-1844 жылдары - Иркутскіде азаматтық губернатор.
  • 1844-1855 жылдары - үшінші мемлекеттік мүлік департамент министрлігінде ауыл шаруашылығы департаментінің басшысы.
  • 1856 жылдан - сенатор және ішкі істер министрінің көмекшісі.[2]

Алексей Ираклиевич Левшин 16 қыркүйек 1879 жылы Курск губерниясы, Дмитриев уъезі, Хомутовка селосында қайтыс болады. Денесі Пожилиноға әкелініп Левшиндер тегінің склепінде (өлгендерді табытқа салып қоятын жер астындағы лақып) жерленеді.

Жетістіктері мен атақтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ресейде он шақты ғылыми қоғамдардың құрметті мүшесі.
  • Еуропалық елдер қоғамдарындағы мүшелігі:
    • Мекленбургтік патриоттық қоғамы (1848)
    • Саксен-Альтенбругтік жануарларға дұрыс қарау қоғамы (1849)
    • Курляндық экономикалық қоғамы (1849)
  • Ресей ғылым Академиясының құрметті мүшесі (29.12.1856)
  • Харьков университетінің құрметті мүшесі атағы (1855)
  • Мемлекеттік кеңес мүшесі (1868 жылдан)

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Императордың Москвалық университетінің алтын медалі (1855)
  • Бүкіләлемдік лондондық көрмеге қатысқаны үшін Патшалық-Лондондық комиссияның арнайы медалі (1852)
  • Әулие Александр Невский, Ақ Бүркіт, Әулие Владимирдің 2-ші дәрежелі, Әулие Аннаның 1-ші дәрежелі, Әулие Станиславтың 1-ші дәрежелі ордендерінің иегері.

Бағалы сыйлықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы (1832) атты еңбегінің 1-бөлімінде қазақ жерінің географиялық сипаттамасы берілген. 2-бөлімі қазақ халқының тарихына, 3-бөлімі этнографиясына арналған. Бұл еңбегінде Левшин “қазақ” деген атауға ғылыми анықтама беруге тырысқан. Қазақ халқының Ресей әкімшілігіне өтуінен бастап, 19 ғасырдың басына дейінгі Орынбор әкімшілігі және орыстармен арадағы сауда, ресми және саяси қарым-қатынастан көптеген мағлұматтар береді.
  • Орал қазақтарының тарихы және статистикалық сипаттамасы (1823).
  • Кіші жүз ханымен (Шерғазымен 1820 жылы16 қазан) кездесу.
  • Татарлардың ежелгі қаласы Сарайшық туралы хабар(1824).
  • Қазақ халқының аты-жөні және оның нағыз немесе жабайы қырғыздардан айырмашылықтары туралы (1827).[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. А.И.Левшин. Описание киргиз-казачьих, или кригиз-кайсацских, орд и степей (под общ. ред, акад. М.К.Козыбаева). - Алматы, "Санат", 2009. - 656 стр. ISBN 9965-664-84-6
  2. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
  3. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Алексей Ираклиевич Левшин
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?