For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Александр Стюарт, Мар графы.

Александр Стюарт, Мар графы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Александр Стюарт
ағыл. Alexander Stewart
Александр Стюарт, Мар графы
Лауазымы
Мар графы
14261435
Өмірбаяны
Дүниеге келуі шам. 1375
Қайтыс болуы 1435
Династия Стюарттар
Әкесі Александр Стюарт, Бьюкен графы
Анасы Эханның қызы Мариота
Жұбайы Изабелла Дуглас,
Мэри ван Хорн
Балалары Томас Стюарт

Александр Стюарт (ағыл. Alexander Stewart; шам. 13751435), Мар мен Гариох графы (1404 ж. бастап) - Стюарттар әулетінен шыққан барон, шотландық биік таулар аймағының орталық билікке бағындыру қозғалысының көшбасшысы.

Александр Шотландия королі Роберт II-нің төртінші ұлы, Бьюкен графы, Александр Стюарттың ұлы.

1404 жылы Мар мен Гариох графинясы, Изабелла Дугласқа үйленіп, солтүстік шотландияның етегіндегі кең графтықты алды. Белсенді жауынгер, француз ханзадаларына бірнеше рет әскери көмек көрсетуді ұсынған және Бургундия герцогымен герцогы Льежге 1408 жылы әскери жорыққа қатысты.

Александр Стюарттың елтаңбасы

Әкесінің саясатын жалғастыра отырып, Александр елдің таулы бөлігін орталық билікке бағындыру қозғалысының көшбасшысы болды. Бұл күреске Шотландия регенті, Олбани герцогы белсенді қолдау көрсетті. Таулы кландардың көшбасшысы Батыс Шотландияның таулы аймақтары мен Гебрид аралдарының жартылай тәуелсіз билеушісі - Аралдар лорды, Дональд Макдональд болды. 1411 жылы Олбани герцогы мен Аралдар лорды арасында солтүстік Шотландиядағы Росс графтығы үшін күрес басталды. Макдональдтың әскері Инвернессті басып алды да, Абердинге шабуыл жасады. Оларға Александр Стюарттың әскерлері қарсы тұрды. 1411 жылы 24 шілдеде Харлоу түбіндегі шайқас өтті, ол екі жаққа да шешуші жеңіс әкелмеді, бұл таулықтар мен орталық биліктің арасындағы теңгерімді көрсетті.

1420 жылы Мар мен Гариох графы Шотландияның жаңа регенті Мердок Стюартпен одақ құрды да, шотландық теңіз флотының адмиралы болып тағайындалды. Алайда, Яков I еліне қайтып келген соң, ол патшаның жағына шықты. Яков I елдің таулы бөлігін бағындыру саясатын жалғастырды. 1431 жылы Александр Стюарт Лохаберге жорыққы аттануға қамданды, бірақ батыс Шотландияның таулықтары Инверлохи түбіндегі шайқаста оны жеңді. Өлім мен тұтқындылықтан құтыла алған граф, шотланд тауларында ұзақ уақыт қаңғырғанна кейін өз иелігіне оралды. Инверлохидегі жеңіліс ұзақ уақыт бойы таулы кландарды патшалық биліктің басып алуын тоқтата тұрды.

Оның бір заңсыз ұлы бар: Томас Стюарт, Бьюкен графы, Джон Стюарттың жесірі Элизабет Дугласқа үйленген. Ол әкесі тірі болған кезде қайтыс болды. Сонымен қатар, Дуарттық Лахлан МакЛинге тұрмысқа шыққан бір заңсыз қызы - Джанет болды деп есептейді.

1435 жылы мұрагерсіз қайтыс болған Александр Стюарттың мүлкі Яков I-ге өтті.

{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Александр Стюарт, Мар графы
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?