Азамат Кеңесбекұлы Ниязымбетов
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Азамат Ниязымбетов | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
жартылай қорғаушы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб |
карьерасын аяқтады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азамат Кеңесбекұлы Ниязымбетов (25 наурыз 1974 жыл) — қазақ футболшысы, жартылай қорғаушы, шабуыл шебінде де ойнаған.
Карьерасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Клубтық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Карьерасын 1991 жылы Алматының "Олимпия" клубында бастап, КСРО Чемпионатының екінші төменгі лигасында ойнады. 1992 жылы Жамбылдың "Фосфор" клубына ауысып, маусым соңында Қазақстан кубогының финалына шықты. Бірақ финалда "Фосфор" 1:5 есебімен "Қайраттан" ұтылды.
1993 жылы жаңадан құрылған алматылық "Достық" клубына ауысты. Жыл соңында "Достық" қайта тарап кетті де, тараздық клубқа (атауы бұл кезде "Тараз" деп өзгертілген-ді) қайта келді. "Тараз" сапында үш жыл қатарынан жүлдегерлер қатарынан көрінді (1995, 1997 жылдары 2-орын, 1996 жылы чемпион).
1998, 1999 жылдары "Қайсарда" ойнады. 1999 жылы Қазақстан кубогын иеленді.
2000 жылы "Жеңіс" сапында Қазақстан чемпионы атанды.
Кейін "Атырау", "Тобыл", "Шахтер" клубтарында ойнап, 2004 жылы "Таразға" қайта келді. 2004 жылы тағы да Қазақстан кубогын иеленді.
Ұлттық құрамада
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құрама сапында 16 рет алаңға шықты, Азия-1996, ӘЧ-1998, Азия-2000 іріктеулеріне қатысты.
- Бірінші ойын: 27.12.1995. Кувейт - Қазақстан - 0:0
- Соңғы ойын: 7.10.2000. Сауд Арабиясы - Қазақстан - 1:0
Бапкерлік карьерасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұзақ жылдар бойы "Тараз" клубының бапкерлер штабында жұмыс жасады. 2019 жылы "Тараз" спорт директоры боп тағайындалды.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақстан кубогының финалисі: 1992
- Қазақстан кубогы: 1993, 1999, 2004
- Қазақстан чемпионы: 1996, 2000
- Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2001
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
Text is available under the CC BY-SA 4.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.