For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for II Абдолла хан.

II Абдолла хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

II Абдолла Хан
өзб. عبد اللہ خان بن اسکندر

өзб. Abdulla II

II Абдолла хан
Лауазымы
Ту
Ту
Бұхара хандығының 11-шы ханы
Ту
Ту
1583 жыл — 1598 жыл
Тәж кигізу жорасы 1583 жыл
Ізашары Ескендір хан
Ізбасары Абд әл-Мұмин хан
Өмірбаяны
Мамандығы Ақын
Діні Ислам, сүннет
Дүниеге келуі 1534 (1534)
Примкент, Бұхара хандығы
Қайтыс болуы 8 ақпан 1598 (1598-02-08)
Самарқан, Бұхара хандығы
Жерленді Бұхара
Династия Шайбани әулеті
Туған кездегі есімі Абдуллах хан ибн Искандер

عبد اللہ خان بن اسکندر

Әкесі Ескендір хан
Балалары Абд әл-Мұмин хан
II Абдолла Хан Ортаққорда

II Абдолла Хан (өз. Abdulla II; 1534 жыл8 ақпан 1598 жыл) — Мәуереннаһр билеушісі (1583-98). Бұхара хандығының 11-шы ханы.

Дешті Қыпшақ ханы Әбілқайырдың 12 ұлының бірі Қожа Мұхаммед, одан Жәнібек → Ескендір → Абдолла.

Шайбани әулетінен екі Абдолла шыққандықтан зерттеушілер оны II Абдоллах деп атаған.

II Абдоллах XVI ғасырдың 40-50 жылдарындағы Шайбани әулеті сұлтандарының билік үшін Орта Азияда жүргізген өзара күресіне араласып, Бұхарға әкесі Ескендірді хан етеді. Әкесінен кейін таққа өзі отырады. II Абдолла XVI ғасырдыңдың 2-жартысында жүргізген соғыстары «дербес ұлыстарды жинақтау» деген атқа ие.

Соғыс барысында ол Балхты (1573), Хисарды (1574), Самарқаны (1578), Ташкентті (1582), Бадахшанды (1584), Гератты (1588) басып алды. 1593.ж, 1594.ж, 1596 жылдардағы жорықтарының нәтижесінде Хорезмді бағындырды. 70-жылдардағы Ташкент билеушісі Баба сұлтанмен күресте қазақ ханы Ақназар (Хақназар) Абдолла Ханды қолдады. Баба сұлтан жеңіліп, Абдолла Ханмен келісім жасаған соң, Қазақ хандығы Ташкент билеушісіне қолдау көрсетті. Тәуекел хан тұсында (1582-98) Мауераннахр билеушісімен Сыр бойындагы қалалар үшін күрес өрбіді. Абдолла Хан Сібірдегі Көшім ханмен одақтасып қазақтарға қарсы саясат жүргізді.

Абдолла Ханға өзінің туған ұлы Абд әл-Мұмин қарсы шығып, жеңіске жетті. Абдолла Хан өлтіріліп, таққа баласы отырды. 6 айдан кейін Абд әл-Мұмин хан да өлтіріліп, Орта Азиядағы Шайбани әулетінің билігі толығымен жойылды. Абдолла Хан туралы Хафиз Таныштың «Шараф наме-ий шахи» немесе «Абдоллах наме» атты 16 ғ-дың соңында жазылған шығармасы бар.

Әдеб .: Ахмедов Б.А., Орталық Азияның тарихи-географиялық әдебиеті, 16-18 ғғ. Жазбаша ескерткіштер. Таш., 1985;Гафуров Б.Г., Тәжіктер. Ең көне, ежелгі және ортағасырлық тарих, Кітап. И, Душанбе, 1989; Қазақстан тарихы, Бес томдық. 2-т., А., 1998 ж.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
II Абдолла хан
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?